Атырау облысында қоғамды алаңдатқан оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты. Әлеуметтік желіде сарай маңынан мәйіттері табылған зейнеткерлердің отбасылық қуанышта түсірілген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Желіде тараған видеода Мақсот пен Нәсіп есімді зейнеткерлердің балалары Мирамгүл, Наурыз және қыздары Ақбаянмен бірге мерейтой атап өтіп жатқан сәттері көрсетілген. Жақындарының айтуынша, бұл отбасының соңғы қуанышты жиындарының бірі болуы мүмкін.