"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мәйітін көміп, үстіне жиһаз қойған": Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды (ФОТО)

"Мәйітін көміп, үстіне жиһаз қойған": Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылы аумағында із-түссіз жоғалған отбасының үлкен кісілерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған жағдайды зерттеу мақсатында Жангелдин ауылына арнайы барған журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында үй иелерінің қайтыс болғанын мәлімдеген. Оның жазбасында оқиғаның ауыр әрі алаңдатарлық екені айтылған.

"Жазғы үйге екі үлкен кісіні өлтіріп, көміп тастаған. Үстіне білдірмей жатын жиһазын қойған. Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында жоғалған отбасының үй иелерінің өлі денесі табылды", – делінген журналистің жазбасында.

Атырау облыстық полиция департаментінің түсіндірмесі:

"Қызылқоға ауданында Атырау облысының аумағында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр".

Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді, күдіктілердің жеке басы анықталды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер