Жаңалықтар

"Тыныш өмір сүргізбедіңдер": Атырауда жоғалған отбасының ұлы жазған хаттар тарады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Тыныш өмір сүргізбедіңдер": Атырауда жоғалған отбасының ұлы жазған хаттар тарады (ВИДЕО)
Коллаж: Qaz365.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының туыстары олармен байланыс үзілген кезеңде тек WhatsApp мессенджері арқылы ғана хат алмасып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өз қорасынан өлі күйінде табылған Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова қайғылы жағдайдың мән-жайын баяндап берді. Оның айтуынша, қараша айының басында отбасының ұлы Наурыз әпкесіне үй ішіндегі кикілжіңдер туралы хабарлама жолдаған. Алайда сол жазбадан кейін жақындарымен байланыс толықтай үзіліп кеткен.

Алаңдаған Әдемі Шылмағамбетова біраз уақыт өткен соң Наурызға өзі қоңырау шалған. Сол кезде отбасы мүшелерінің арасынан тек Наурыздың ғана телефоны қосулы болғаны анықталған.

"Дым қалдырмай уақ малдарын сатып жіберіпті деген соң, мен қайтадан Наурызға хабарластым. "Әй, Наурыз, не істеп жатырсыңдар? Уақ малдарыңды сатып жіберді деп айтып жатыр. Өздері жоқ деп айтады ғой. Қайда кеттіңдер?" дедім. Телефон соқтым ғой. Сосын ол маған былай деп жазды: "Апамды Ташкентке алып кеттік. Емдетуге" деді. Сосын тағы бір айналып, тағы соқтым. "Әй, Наурыз! Ташкентте қайда алып кеттіңдер? Больницада ма? Санаторияда ма? Қайда?" деп едім. "Ағайындарда, таныстың үйінде" деді. Телефонмен сөйлеспейді, "What’sApp"-пен жазады. Телефон соқсам, бірден жауап бермейді. Тағы айналып, тағы соқтым. "Әй, айналайын, не істеп жатырсыңдар?" дедім. "Жоқ. Апам деген массаж алып жатыр. Анализ тапсырып жатыр. Емделіп жатыр" деді. Сосын мен айттым: "Еліңде малың бар. Үйіңде газ жанып тұр. Тәтең мен Мейрамгүлді ауылға жібер. Сен мамаңның қасында бол. Емдет. Апаңның емі қашан бітеді?" дедім. "Желтоқсанның 10-ында ауылға шығамыз", – деді марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz