Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

2 тамызда таңертең Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды. Бұл туралы жұма күні дереккөзге сілтеме жасаған Reuters хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл Құрама Штаттар үшін қауіпті емес.

31 шілдеде Оңтүстік Корея бір аптаның ішінде Пхеньянның екінші рет қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлаған. Сеул Пхеньянның жаңа әскери қаруын сынақтан өткізіп жатқанын айтады.

Сеул Пхеньянды баллистикалық зымырандардан бас тартуға шақырып келеді. Оңтүстік Корея билігі зымыран сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға септесе алмайды деп санайды. Солтүстік Корея өткен жолғы зымыран ұшыру көрші елге АҚШ-пен әскери саладағы ынтымақтастығы үшін жасалған ескерту деп мәлімдеген. Ал Вашингтон тамызда жоспарланған Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығуы жоспарға сай өтетінін мәлімдеген.


Azattyq
Автор
Мадияр