Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сириядан оралған 43 қазақстандық сотталды

Сириядан оралған 43 қазақстандық сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 жылы Сириядан оралған 600-ге жуық азаматтың 43-і (31 ер адам, 12 әйел) сотталғанын мәлімдеді. 14 адамға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҰҚК дерегінше, былтыр "Жусан" операциясымен 595 қазақстандық Сириядан қайтарылған. Олардың 156-сы - әйел, 33 - ер адам, 406-ы - бала. Олар кезең-кезең бойынша Қазақстанға эвакуацияланған. Барлық әйелдер мен балалар реабилитация және бейімдеу кезеңінен өткен.

Қазақстан былтыр қаңтар айынан бастап "Жусан" операциясы аясында Сирия мен Ирак аумағындағы азаматтарын қайтара бастады. Әр операция сайын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, нақты санын көрсеткен. Алайда ҰҚК берген дерек пен "Жусан" операциясы бойынша қайтарылғандар туралы мәліметте айырма барын Азаттық бұған дейін жазған.

Оқи отырыңыз: Сирия мен Ирактан қайтарылғандардың ресми есебі әртүрлі

Қараша айында Азаттықтың ресми сауалына жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Иракта Қазақстанның әлі де 100-ге жуық азаматы бар екенін хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Қазығұрттық «жиһадшылар» Назарбаевқа сес көрсетеді

Azattyq
Автор
Айбар