«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сириядан 171 қазақстандық бала елге жеткізілді

Сириядан 171 қазақстандық бала елге жеткізілді

28-31 мамырда Сириядан Қазақстанға 171 бала жеткізілді. Бұл туралы 31 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Балалар Қазақстан билігінің "Жусан" операциясының аясында эвакуацияланған. Ақорданың баспасөз қызметі бұл операциясының аяқталғанын хабарлады.

Бұған дейін 9 қаңтарда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жусан-1" арнайы операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген. 7 және 9 мамыр күндері "Жусан-2" операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілген. Олардың 159-ы – бала.

Қазақстан билігінің дерегінше, Сириядан барлығы 357 қазақстандық бала елге жеткізілген.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған. Комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда Қазақстаннан кеткен 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

Осыған дейін Азаттықта жарияланған мақалаларда баласы Сирияда қаза болғанын, сонда қалған келіні мен немерелерін Қазақстанға қалай қайтаруды білмей жүргенін айтып бірнеше ата-ана шағымданған.


Azattyq
Автор
Бауыржан