Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады деп хабарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазгидромет 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Суық атмосфералық фронттар мен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті.

"Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр мен жабысқақ қар жауа бастайды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жаңбыр, қар жауып, екпінді жел соғады", - делінген ақпаратта.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады. Еліміздің солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С қалыптасады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.

Ірі қалалардағы ауа райы

5 қараша астанада күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 2, күндіз 0 градус. Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +4 градус. Шымкентте күн бұлтты, түнде +2 болса, күндіз температура +5 градусқа жетеді.

6 қарашада елордада күн құбылмалы, ауа температурасы түнде минус 1, күндіз +1 градусты құрайды. Алматыда күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы +1, күндіз +1 градусқа жетеді. Шымкентте күн ашық, түнде +2, күндіз +6 градус.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

7 қарашада Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз +3 градус. Алматыда да күн бұлтты, температура түнде +4, күндіз +2 градус. Шымкентте күн ашық, түнде +5, күндіз +11 градус нөлден жоғары.

Қараша айына болжам

Синоптиктер қараша айында күн суытады деп отыр. Бірінші онкүндікте еліміздің батысында, айдың ортасында солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен шығысында температура түнде минус 5-10, кей жерлерде минус 13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 0-5 суық, кей аумақтарда плюс 5 градус температура орнайды. Оңтүстікте түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.


sputniknews.kz
Автор
Айбар