Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушы саны көбейді

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушы саны көбейді

30 сәуірде Шымкенттегі Абай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш жазуға жүзден аса тұрғын келді. Орталық өкілі Әлия Әміреева қазіргі кезде күніне орта есеппен екі жүзге жуық адамның құжаты қабылданып жатқанын айтады. Кедейлік шегі сәуір айында 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге көтерілген.

"Кедейлік шегі көтерілгеннен кейін әлеуметтік көмек алатын халық саны екі есеге көбейді. Мысалы, Абай ауданы бойынша жылына 10700 отбасы жәрдемақы алып келген болса, қазір бір айдың ішінде жаңадан тағы 10 мыңға жуық отбасы құжат тапсырды" дейді ол.

Орталыққа әлеуметтік жәрдемақы алуға құжат тапсыруға келгендердің арасында жүкті әйелдер мен баласымен бірге жүрген әйелдер көп. Олардың кейбірі орталыққа таңғы сағат алтыдан келіп кезекке тұрғанын айтады. "Кеше де келдім, бірақ тапсыра алмай кеттім. Бүгін тағы келдім, төрт сағаттан бері кезекке тұрдым, құжатымды тапсыра алмай отырмын" дейді кезекте тұрған әйелдердің бірі.

Құжат тапсыруға таласқан әйелдерді сол жерге келген бірнеше полиция қызметкері тәртіпке шақырды. Полицейлер әуелі жүкті әйелдер мен баласымен келген аналар бірінші болып құжат өткізеді деп хабарлағанымен кезекте тұрғандар келіспеді. Жарты сағат өткеннен кейін қолында кезектегі саны көрсетілген түбіртегі жоқ адамдардан құжат қабылданбайтыны айтылды. Полицейлер түбіртек алған адамдарды құжат қабылдайтын жерге кезекпен шақырып отырды.

24 сәуірде Шымкент қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына көп балалы аналар жиналып, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш тапсырғанымен биліктен жауап болмағанын айтып шағынған. Оларды қабылдаған қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 32 мыңнан аса адамға кеңес берілгенін, 21 мың адамның құжаты қабылданғанын хабарлаған еді.


Azattyq
Автор
Санжар

Журналист