Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шри-Ланкадағы жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты

Шри-Ланкадағы жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты

21 сәуірде Шри-Ланкада болған жарылыстан жүзден астам адам қаза тауып, шамамен 300 адам жараланған. Reuters хабарлауынша, үш шіркеу және үш қонақ үйде жарылыс болған.

Билік өкілдері қаза тапқандар арасында шетел азаматтары да бар екенін хабарлады. Үкімет мүшесі Харша да Силва Twitter желісінде тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес берген.

Жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Indian Express ел әуежайының жабылғанын хабарлады. Әзірге оқиғаны бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ.


Azattyq
Автор
Санжар