KZNews.kz
Спорт

«Shoqan» Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады (видео)

KZNEWS
Фото иллюстрация: kznews

– Саған арнайы сыйлығым бар. Міне кілт. Бұл сенің көлігің. Кәне, қысылма, ұста. Бастысы осы деңгейде тоқтап қалма, – деді кәсіпкер.

Айта кетейік бұл Шерхан үшін тосын сый болды. Кәсіпкермен кездесуге "Қайраттың" қақпашысының анасы да бірге еріп келді.

Жаңа көліктің маркасы – Exeed. 

Айта кетейік, жас қақпашы "Қайрат" - "Реал Мадрид" кездесуінде қарсыластың бірнеше жойқын соққыларын қайтарып, сейв жасады. Бұл оның Чемпиондар Лигасы аясында ойнаған екінші ойыны болатын. Тартысты бәсеке 0:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары