Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шөкеевтің Көксарайдың суын қызылордалықтардан қызғанғаны қалай?

Шөкеевтің Көксарайдың суын қызылордалықтардан қызғанғаны қалай?

Өмірзақ Шөкеев “Көксарай” су қоймасындағы суды Қызылорда облысынан қызғанып, негізінен Түркістан облысына бағыттауды көздеп отырғаны жайында редакциямызға ақпараттар жетті. 

Бұл, әлбетте, аймақтық басшының “аймақтық” деңгейде ойлануы емес пе?
Қаншама биік-биік лауазымды қызметтерді атқарған тұлғаның тар шеңберде ғана ойлануы қалай? Мемлекеттік ортақ мүдде қайда қалды? Қызылорда облысының халқы сусыз қаңтарылып қалуы керек пе?
ҚР Премьер-министрдің орынбасары болып тұрғанда 2008 жылы Өмірзақ Шөкеев “Көксарайдың арқасында Қызылорда облысындағы күріш өнімі 40 пайызға артты” деп сүйіншілеген еді. Енді Түркістан облысын басқарғанда әңгімесі басқаша өзгеріп сала беріпті.
Әкім Көксарай су қоймасы тек Түркістан облысы ғана емес, Қызылорда облысына да арнап салынғанын ұмытпағаны жөн деп есептейміз.

Автор
Айбар