Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты

Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты

Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған жойқын жарылыстан кейін ауруханада жатқан тағы екі адам көз жұмды. Зардап шеккендерді аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің хабарлауынша, 8 және 9 наурыз күндері жағдайы өте ауыр екі пациент қайтыс болған:

8 наурыз күні «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде бір адам көз жұмды;

9 наурыз күні Көкшетау қаласындағы Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасында ем қабылдап жатқан әйел адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта мамандар қалған адамдардың өмірі үшін күресіп жатыр. Барлық қажетті медициналық, кадрлық және техникалық ресурс жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 26 ақпан күні кешке Щучинск қаласындағы бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан болатын.

Қайғылы оқиғаның салдары: Оқиға орнында 5 адам мерт болды; Ауруханаға жеткізу кезінде 2 адам тіл тартпай кетті; 3 наурызда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланды; Соңғы мәлімет бойынша, құрбандар саны екі адамға көбейді.

Щучинск қаласындағы кафелердің бірінде болған жарылыстың себеп-салдарын анықтау жалғасып жатыр. Оқиға орнында болған тағы бір куәгер жарылыстан кейінгі алғашқы сәттерде не болғанын айтып берді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садыковтың мәліметінше, жағдай толық бақылауға алынған, жедел штаб құрылған. Жарылыс салдарынан 7 адам көз жұмған. Олардың әрқайсының отбасына 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек төленеді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дәмхана иесі ұсталды. Мамандар жарылыстың нақты себептерін анықтауда.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.