KZNews.kz
Спорт

Шавкат Рахмонов UFC қызметкеріне қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді үйретті (ВИДЕО)

KZNEWS

Нина Драма 38 әріптен тұратын сөзді айта алмады



Шавкат Рахмонов қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді UFC-дің блиц-сауалнамасын жүргізетін Нина Мари Даниэльге айтқызбақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.



Ол қазақ тіліндегі «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзін айтып, жүргізушіге үйретпек болады. Бірақ Нина Мари Даниэльдің оған тілі келген жоқ.

«Профессор Шавкат Рахмонов маған қазақ тіліндегі ең қиын сөзді үйретеді. Мен үшін бұл сөзді біреу жаза ала ма? Өтінемін», - деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Нина Мари Даниэль осыған дейін Playboy-дың жарқын жұлдызы болған.

Еске салсақ, 8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығады.




KZNEWS
Автордың басқа материалдары