Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шаңғы жарысынан ерлер командасы әлем чемпионатының іріктеуінен аса алмады

Шаңғы жарысынан ерлер командасы әлем чемпионатының іріктеуінен аса алмады

Бүгін Зеефельдте (Австрия) шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Әлемдік доданы алғаш болып шаңғымен жарысушылар бастаған болатын. Ерлер мен әйелдер спринт бәсекесіндегі іріктеу кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлер арасындағы жарысқа 150 шаңғышы қатысты. Қазақстан атынан Олжас Климин, Денис Волотка, Николай Чеботько және Дәулет Рахымбаевтар бақ сынаған болатын. 

Өкінішке қарай, бірде-бір спортшымыз іріктеу кезеңінен өте алмады. Біздің шаңғышылар алғашқы 30 спортшы қатарынан сырт қалған. 

Волотка 46-шы, Климин 52-ші, Рахымбаев 55-ші, Чеботько 67-ші орында. 

Іріктеу сынынан соң үздіктер көшін швециялық Виктор Торн бастап тұр. Екінші орында ресейлік Сергей Устюгов, үшінші сатыда норвегиялық Финн Хаген мен швед Калле Халварсон иеленген. 


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Санжар