KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Шерзат ісі": кассациялық шағым сотта қаралады

Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Атышулы "Шерзат ісі" бойынша тағы да хабар тарады. Бұл жолы сотталғандар кассациялық шағым түсірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Шерзат Полат ісі бойынша жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеме жасады.

Адвокаттың айтуынша, сот үкімімен келіспеген Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет жоғарғы сот инстанциясына шағым жолдап, өздерін ақтауды сұрап отырған көрінеді.

Еске салайық, алғашқы сот шешімі бойынша Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, ал Дидар Қалиахметке 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

Сот отырысы алдағы уақытта өтпек. Жәбірленуші тарап әділ шешім болады деген үмітте.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →