278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полат ісі: кассациялық сот сотталғандардың шағымын қанағаттандырмады

Шерзат Полат ісі: кассациялық сот сотталғандардың шағымын қанағаттандырмады
ашық дереккөзден

Астанада Шерзат Полат қазасына байланысты іс бойынша сотталғандардың кассациялық шағымы қаралды. Бұған дейін айыпталғандар – Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет өздерін ақтауды сұрап, жоғары сот сатысына жүгінген болатын, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот отырысына сотталғандар мен олардың қорғаушылары онлайн форматта қатысты. Дидар Қалиахметтің адвокаты Айбек Майыров қылмыс алдын ала келісім арқылы жасалмағанын айтып, бұл жайт сотта дәлелденбегенін алға тартты. Осыған байланысты ол істі қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатуды сұрады.

Ал Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы Гүлмира Бабажанова оның әрекетін Қылмыстық кодекстің ауырлау бабынан жеңілірек бөлігіне ауыстыруды, жаза мерзімін қысқартуды және моральдық шығын өтеу міндетінен босатуды өтінді.

Өз кезегінде прокурор Индира Янгалышова сотталғандардың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеп, кассациялық шағымды негізсіз деп бағалады. Ол соттан алдыңғы инстанциялар шығарған үкімдерді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Нәтижесінде, кассациялық алқа төрағасы Артур Наримов бірінші және апелляциялық сот шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет-тің шағымдары қанағаттандырылмады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер