Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полаттың анасын сотта қайтара жауап алуға шақырады

Шерзат Полаттың анасын сотта қайтара жауап алуға шақырады
фото: Жоғарғы Сот

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жәбірленуші — Гүлбара Бейшенбиева сотта қайта жауап береді. Мұндай өтінішті айыпталушы Дидар Қалихаметтің қорғаушысы білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокат Баймұханованың айтуынша, Шерзаттың анасының беттесу кезінде берген жауабы мен соттағы көрсетпелері бір-біріне қарама-қайшы.

«Жәбірленуші Бейшенбиева мен менің қорғауымдағы Қалихамет Дидар арасындағы беттесу хаттамасына сәйкес, келесі сот отырысына жәбірленушіні шақырып, жауап алуды сұраймын. Себебі оның сотта айтқаны мен беттесудегі айтқаны мүлде үйлеспейді», — деді адвокат Баймұханова.

Бұл өтінішке тараптардың бәрі қолдау білдіріп, сот Гүлбара Бейшенбиевадан алдағы отырыстардың бірінде қайта жауап алу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін сот марқұмның әкесі — Қаржаубай Нұрымовтан да қайта жауап алуға қаулы шығарған болатын. Ол өтінішті де адвокат Баймұханова берген.

Қорғаушы тараптың айтуынша, Нұрымовтың қайталама жауабы әлеуметтік желіде «Чика» аталып кеткен Санат Абдықадырдың қақтығыстың басталуына қатысы бар-жоғын анықтауға көмектесуі мүмкін.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан