Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сенат төрағасы Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Сенат төрағасы Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Қазақстан Республикасы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды.

"Құрметті достар!

Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды.

Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар." деп жазды төраға әлеуметтік желідегі парақшасына.

Автор
Еркебұлан