Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде қатарластары соққыға жыққан балаға қазақстандықтар үлкен сомада қаржы жинап берді

Семейде қатарластары соққыға жыққан балаға қазақстандықтар үлкен сомада қаржы жинап берді

Семейде қатарластары ұрып-соққан баланың отбасына қазақстандықтар көмек көрсетті. Бала толық медициналық тексерістен өтіп, психологиялық қолдау алуда. Бұл туралы облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлімдеді.

"Баланың отбасына көмектесу туралы сұрақтар түсіп жатыр. Оның әпкесінің шотына 24 миллион теңге жиналғаны белгілі болды, оны баспана сатып алуға жұмсау жоспарланып отыр. (...) Отбасы қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреді", - деп жазды Жүнісова.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл үй таңдау және сатып алу процестерінің ашықтығы үшін өңірлік, қалалық мәслихаттар депутаттарынан, адвокаттар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.
Автор
Данияр