«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сара Тоқтамысова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын сүйіншіледі

Сара Тоқтамысова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын сүйіншіледі

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.

Үлкен айтыс сахнасына алғаш 16 жасымда шықтым.
Сол 16 жасымда әкеме алғаш рет көлік мінгіздім.

Одан кейін де Алланың қалауымен айтыстан к
Қаншама көлік ұттым. Сол көліктердің шын иесі мен емес, әкем еді.😘

Сата ма, өзі міне ме, біреуге бере ме — бәрін әкем өзі шешетін.
Мен үшін әкеме берген дүниемнің есебін жүргізу деген болған емес.

Менен кейін Дидар деген інім бар.

Бала ғой…
Менің көлік ұтып жүргенімді көріп:

— «Мен 18-ге толғанда, маған да бір көлік сыйлайсың ғой, иә?» — деп күлімдеп жүретін.

Сөйтіп, ол 18-ге толамын деп жүргенде, мен тұрмысқа шығып кеттім.

Тұрмыс құрған соң өмірдің де есебі өзгереді екен.
Енді менің тапқан-таянғаным — отбасымыздың ортақ дүниесі. Жас отбасы болдық. Өз шаңырағымызды көтеру, жағдайымызды жасау, балалар… Өмір өз ағысымен кете берді.

Жылдар өтті.

Әрқайсымыз өз алдымызға отау құрдық.
Дидар да шаңырақ көтерді. Арнатай екеуі ұлды болды.

Алланың қалауымен екі ұлы ерекше бала болып дүниеге келді.

Мен оларға үнемі:

«Бұл — Арнатай екеуіңе ғана берілген сабақ емес. Бұл — бәрімізге берілген сабақ. Сондықтан бұл сабаққа бәріміз қатысуымыз керек. Біріміз дұғамен, біріміз қолдаумен, біріміз қолымыздан келген көмегімізбен…» — деймін.

Өйткені бауырдың қиындығы — тек оның қиындығы емес.

Содан бері ішімнің бір түкпірінде баяғы 18 жастағы Дидардың күлімдеп тұрып айтқан бір ауыз сөзі қалып қойған екен…

«Маған да бір көлік сыйлайсың ғой, иә?»

Кеше сол сөз есіме ерекше оралды.

Ешкімге ештеңе айтпадық.
Жай ғана шайға шақырдық.

Оның үстіне кеше — туған күні. ❤️

Ал шайдың соңында…

Бауырымызға автосалоннан су жаңа көліктің кілтін ұстаттық.

Сол сәтте менің көз алдыма бүгінгі Дидар емес, баяғы 18 жасқа толуды асыға күтіп жүрген інім келгендей болды…

Кейбір уәделер кеш орындалады екен.
Бірақ ұмытылмайды.

Сөйтіп, менің тағы бір +1 гештальтым жабылды. ❤️

Бауырым, жаңа көлігің құтты болсын!
100 жаса!

Арнатайыңмен бірге бақытты ғұмыр кешіңдер.
Шаңырақтарыңнан береке кетпесін.

Үш балапандарыңның қызығын көріңдер.
Алла дендеріне саулық беріп, қатарға қосылып, ел сүйсінер үлкен азамат болған күндерін көруді нәсіп етсін. 🤲🏻

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер