«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зайсан көлінде суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

Зайсан көлінде суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды
Фото: YK-news.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде із-түзсіз кеткен екі адамның бірінің денесі табылды. Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы маңынан 1995 жылы туған ер адамның денесін судан шығарған.

Ал 1968 жылы туған екінші азаматты іздеу жалғасуда. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, катерлер және өзге де жүзу құралдары жұмылдырылған. Сонымен қатар іздеуге жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр.

Құтқарушылардың жұмысын көлдің тереңдігі мен су түбінің күрделі бедері қиындатып отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер