«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте мұғалім мектеп терезесін жуам деп жарақат алды

Шымкентте мұғалім мектеп терезесін жуам деп жарақат алды

Шымкентте биология пәнінің мұғалімі мектепте терезе жуып жүріп, орындықтан құлап жарақат алды. Ұстаз мектеп басшылығына шара қолдануды талап етсе, директор мұғалімдерді бұл жұмысқа мәжбүрлемегенін мәлімдеді.

Шымкентте мектеп мұғалімі кабинет терезесін тазалап жүріп, орындықтан құлап, жарақат алды. Оқиға Мағжан Жұмабаев атындағы №39 мектепте болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Биология пәнінің мұғалімі Нұргүл Жаңғылбаева терезе жуу кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, еденге құлаған. Оқиға мектептегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жарақат алған ұстаз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның басынан жеңіл жарақат алып, миы шайқалғанын және белі мен құйымшақ тұсы ауырғанын анықтаған.

Мұғалімнің айтуынша, терезе жуу педагогтің еңбек міндетіне кірмейді. Осыған байланысты ол мектеп басшылығының әрекетіне құқықтық баға беруді талап етіп отыр.

Ал мектеп директоры Бауыржан Қаработа мұғалімдерге кабинет ішіндегі терезелерді тазалау туралы айтылғанын растады. Алайда ұстаздарды бұл жұмысқа мәжбүрлемегенін алға тартты. Оның сөзінше, техникалық қызметкерлер кабинет ішіндегі терезелерді жумайды, ал оқушыларға мұндай жұмысты тапсыруға болмайды.

Көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз Өмір Шыныбекұлы бұл жағдайды педагогтердің құқықтық сауаттылығы мен еңбек міндеттерінің нақты сақталуы мәселесімен байланыстырды. Оның пікірінше, мұғалім де, басшы да қолданыстағы заң талаптарын білуі қажет.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.