KZNEWS.KZ
Әлеумет

«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ҰҚК тергеуіне ілікті

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

ҰҚК аталған департамент басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын растағанымен, оның аты-жөнін және қандай күдікке ілінгенін жарияламады.

Сондай-ақ жаңа қылмыстық істің «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыниевке қатысты тергеулермен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің мән-жайына қатысты қосымша ақпарат бермеген.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жауап берген ведомство.

Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК қызметкерлері «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыниевті сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікпен ұстаған болатын. 14 қарашада сот оларды қамауға алу туралы шешім шығарды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсталымдар мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықтың ауқымын көрсететін белгі екенін айтқан.

Ал премьер-министр Олжас Бектенов тергеу әрекеттеріне қарамастан, «Самұрық-Қазына» тобына кіретін компаниялар қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жаңа іске қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →