Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды
ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады. Екі ұйымның жетекшісі пара алуға оқталды деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды kznews.kz.

ҰҚК мәліметінше, арнайы қызмет өкілдері 11 қарашада «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Орыншиевті қолға түсірген. Олардан бөлек, іске қатысы бар өзге адамдар да ұсталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр. Оларға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 4-бөлігі бойынша күдік келтірілген. Бұл баптар пара алуға оқталуға қатысты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне байланысты істің егжей-тегжейін әзірге жариялаған жоқ.

Астанадағы чемодан оқиғасы

Басшылардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған тұста Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің маңында болған тағы бір оқиға жұрт назарын аударды.

12 қарашада әлеуметтік желілерде көпқабатты үйдің терезесінен ақша салынған чемодан лақтырылды деген мәлімет жарияланды. Оқиға куәгерлері оның ішінде доллар болғанын айтқан.

Әзірге ҰҚК бұл жағдайдың ұсталған басшыларға қатысты қылмыстық іспен байланысы бар екенін растаған жоқ.

Ұсталған басшылар туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарып келген. Бұған дейін инвестициялық даму саласында және Rothschild & Co банкінің Қазақстандағы өкілдігінде қызмет атқарған.

Ал Елжас Орыншиев ҚТЖ басшылығына 2026 жылдың шілдесінде тағайындалған. Оған дейін «Самұрық-Қазына» қорында стратегия және активтерді басқару бағытында жұмыс істеген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі