“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады – адвокат

Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады – адвокат
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бүгін, 22 шілдеде бостандыққа шығады. Бұл туралы сотталушының адвокаты Ғазиз Ынтықбаев Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Бұған дейін БАҚ-та Байжановтың колониядан бүгін босатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған.

Адвокаттың айтуынша, 22 шілдеде өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы шешім қабылданды.

"Сот оны дереу босату туралы қаулы шығарды. Жазасының өтелмеген мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бақытжан бүгін отбасына оралады", – деді Ғазиз Ынтықбаев.

Бақытжан Байжанов Ақмола облысының Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатқан.

Байжанов рақымшылықпен босатылады

Бақытжан Байжанов – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасыруға қатысты айыпталған.

2024 жылғы 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Байжановты кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Бұған дейін прокурор Байжановқа тағылған Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Анық белгілі қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыптаудан бас тартқан еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер