ка

Сайлаушылардың 65,4 пайызы дауыс берді

09.06.2019 17:49
0
0

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 65,4 пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 75,1 %
Ақтөбе облысы79,7 %
Алматы облысы78,9 %
Атырау облысы64,9 %
Шығыс Қазақстан облысы69,8 %
Жамбыл облысы71,8 %
Батыс Қазақстан облысы59,8 %
Қарағанды облысы63,1 %
Қызылорда облысы64,5 %
Қостанай облысы69,7 %
Маңғыстау облысы60,3 %
Павлодар облысы67,9 %
Солтүстік Қазақстан облысы68,3 %
Түркістан облысы70 %
Нұр-Сұлтан қаласы49,6 %
Алматы қаласы45,7 %
Шымкент қаласы55,6 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий