KZNEWS.KZ
Спорт

Ризабек Айтмұқан АҚШ палуанын жеңіп тұрып жеңіліп қалды

• Асқар Алтайұлы
instagram/@rr1zabek

Еркін күрестен қазақтан шыққан алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан АҚШ палуаны Кайл Снайдерден тағы жеңіліп қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Филадельфияда өткен RAF 08 турнирінде қазақ палуаны Ризабек Айтмұқан Кайл Снайдерд 6:0 есебімен жеңіп тұрған. Алайда әккі қарсылас бәсеке соңында 6:12 есебімен жеңіске жетті. 

Осы жекпе-жекте Ризабек реванш қайтарамын деп жоспарлаған. Себебі 2025 жылы Алматыда өткен PWL турнирінде Снайдер Ризабекті 8:0 есебімен тізе бүктірген. Сондықтан АҚШ төріндегі бәсеке Ризабек Айтмұқан үшін есе қайтаруға мүмкіндік болатын.

Айта кетейік Кайл Снайдер осал спортшы емес. Ол Олимпиада чемпионы, бірнеше мәрте әлем чемпионы болған. 

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →