Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде іздеуде жүрген екі қазақстандық ұсталды

Ресейде іздеуде жүрген екі қазақстандық ұсталды

Павлодар шекара отрядының «Шарбақты-авто» өткізу бөлімшесінде «Павлодар - Барнаул» бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара наряды екі қазақстандықты ұстады.

Оларды ұстауға себеп болған 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкешесіндегі қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприц болатын, деп мәлімдейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұл шприцты шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иті тауып берген. Ұсталған әйелді және оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ол азаматтың Ресей Федерациясы Қылмыс кодексінің 162 бабының 2-бөлігі бойынша жасалған (алдын ала сөз байласқан топ құрамында, қару (немесе өзге затты қару ретінде) қолдана отырып қарақшылық шабуыл жасау) қылмысы үшін Ресей құқық қорғау органдарының іздеуінде жүргендігі анықталды. Ұсталғандар Шарбақты аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Дереккөз: Baq.kz

Автор
Жандос