Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты (фото, видео) - новости Казахстана

Ресейде балалар мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты (фото, видео) - новости Казахстана

Ресейдің Калуга-Вязьма тас жолында автобус жол апатына ұшырап, жеті адам қаза тапты. Олардың төртеуі балалар деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадрлар ТАСС-тан алынған видеодан

Қаза болғандар жайлы ақпаратты өңірдің ІІБ растаған.

"Жол апатынан жеті адам қаза тапты олардың арасында төртеуі балалар", - деп хабардар етті баспасөз хатшысы Наталья Горохова.

Жол апаты үшінші ақпан күні Мәскеу уақытымен 9:15-те (Астана уақытымен 12:15-те) болған. Автобус Калуга:-Вязьма та жолында аударылған. Көлік балаларды жарысқа апара жатқан екен. Бар ақпаратқа сүйенсек, салонда 48 адам болған. Олардың 33-і бала.

Кадрлар ТАСС-тан алынған видеодан

Оқыс оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Автобустың жеке кәсіпкерге тиесілі болғаны айтылуда.

Жолаушылардың тізімі Life Shot-тың телеграм-каналында пайда болған.

Кадрлар ТАСС-тан алынған видеодан

Кадрлар ТАСС-тан алынған видеодан


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Санжар