Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей президенті Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді

Ресей президенті Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі

АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты ойын бүгін РФ үкіметінің кезекті отырысын ашу кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұрагерлік жағынан мәселе туындамайды үміттенеміз. Қалай дегенмен де, Назарбаев жоғары қызметін тастап кетіп барады, сондықтан оған өзара ынтымақтастық үшін алғыс айтып, сәттілік тілеуімізге әбден негіз бар", - деді Путин.

Бұл мәлімдемені жиналғандар мақұлдап, ду қол шапалақ соқты.

Бұдан бөлек, ол Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде қолдау үшін Ресей жағы барын салып, атсалысатынын атап өтті.

Айта кетсек, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жасаған үндеуінде мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатынын мәлімдеді.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр