ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей көлік апатына себеп болған мас жүргізушілерге жазаны күшейтпек

Ресей көлік апатына себеп болған мас жүргізушілерге жазаны күшейтпек

14 мамырда Ресей мемлекеттік думасы салдары ауыр жол апатына кінәлілерге кесілетін жазаны күшейтетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жобада көлік апатына түсіп, өзгенің денсаулығына ауыр зардап тигізген жүргізушінің қанынан алкоголь табылса, кінәлі азаматты жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Заң жобасы думаның төменгі палатасы сайтында жарияланды.

Бір адамның өліміне әкеліп соқтырған азамат - 12 жылға дейін, екі не одан көп адамды қазаға ұшыратқан жүргізуші 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Ереже жеңіл авиация ұшқыштары мен моторлы қайық иелерін де қамтиды. Тап осындай жаза "Қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабына да енгізіледі.

Заң жобасына берілген түсінікте былтыр Ресейде жол апатынан қаза тапқандар саны келтірілген. Дерекке қарағанда, 2018 жылы елде көлік апатынан 100 мың адамға шаққанда 18 адам өлген. Бұл Германиядан - 4,5 есе, Швейцария мен Норвегиядан 6 есе көп.

2018 жылы Ресейде жол апатынан 18 мыңнан астам адам қаза тапқан. "Оның 4645-і - мас жүргізушілер кінәлі апаттардың құрбандары" деп жазылған заң жобасына берілген түсінікте.


Azattyq
Автор
Әлихан