Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметке қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Мемлекет басшысының жарлықтарымен еліміздің Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды.
31 қазанда Ақорданың ресми сайтында Президенттің тиісті жарлықтары жарияланды.
Мемлекет басшысының шешімімен Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кіріседі.
Сонымен қатар Президент жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.