KZNews.kz
Танымал

“Реалдың” Алматыға келуі Рахат Әлиевтің арқасы - Нұрәлі Әлиев

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Оның айтуынша, Рахат Әлиев Қазақстан футбол федерациясын басқарған тұста, 2002 жылы ел Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде UEFA-ға мүше болды. Сондай-ақ 2005 жылы Алматыға UEFA президенті Мишель Платини келіп, Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы матч өткізгенін еске салды.

«Кеше Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынды тамашаладым. Мұндай матчтың Алматыда өтуі – сол кезде қабылданған стратегиялық шешімнің жемісі. Бұған мақтанамын», – деп жазды Нұрәлі Әлиев.

Ол бұл оқиғаны Қазақстан футболы үшін тарихи жетістік деп атады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →