WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрәлі Әлиев әжесі Сара Назарбаеваның ісін жалғастырмақ

Нұрәлі Әлиев әжесі Сара Назарбаеваның ісін жалғастырмақ
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш президентінің немересі Нұрәлі Әлиев әжесі Сара Назарбаева бастамашы болған "Өзін-өзі тану" бағытын одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол сұхбаттарының бірінде жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызына тоқталып, аталған бастаманы қайта жандандыру қажет екенін жеткізген.

"Өзін-өзі тану" пәні Қазақстан мектептеріндегі міндетті оқу бағдарламасына 2010-2011 оқу жылында енгізілді. Сара Назарбаеваның бастамасымен әзірленген курс оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, ізгілік, жауапкершілік және ішкі үйлесімділік секілді қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған еді.

2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті сабақтар қатарынан алып тастады. Министрлік шешіміне сәйкес, ол факультативтік курс форматына ауыстырылды.

Нұрәлі Әлиев осы бағытты қайта дамытуға және балалар мен жастардың рухани тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге ниетті екенін білдірген. Оның сөзінше, адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін мұндай жобалар жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер