Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Реал Мадрид" клубының негізгі құрамы Алматыға келді

"Реал Мадрид" клубының негізгі құрамы Алматыға келді

Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын қарсы алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның "Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.

“Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді”, – деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Испаниялық футбол клубы Алматыға келгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алайда ұзақ жолдан футболшылардың қатты шаршап қалғанын байқауға болады. 

Ойыншыларды қазақстандық жанкүйерлер де қатты күтті. Олардың арасында көбі бала. Олар ұшақ қонғанға дейін әуежайдың алдында кумирлерін сарыла күткен. 

 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.