Саясат

Рамзан Қадыров ұлының тойына Қазақстан елшісі қатысқанын мәлімдеді

Рамзан Қадыров ұлының тойына Қазақстан елшісі қатысқанын мәлімдеді

Рамзан Қадыровтың кәмелет жасына толмаған ұлының үйлену тойына екі вице-премьер мен төрт елші қатысты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Шешенстан басшысының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-арнасында хабарлады. 

“Ұлымның үйлену тойына Ресей премьер-министрінің орынбасарлары Денис Мантуров пен Александр Новак, президенттің өкілі және бұрынғы бас прокурор Юрий Чайка, Ресейдің либералдық-демократиялық партиясының төрағасы Леонид Слуцкий, тоғыз аймақтың басшылары, Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстанның елшілері қатысты.  Премьер-министр Михаил Мишустин, Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко және президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно үйлену тоймен құттықтады”, – деп жазды ол. 

2023 жылдан бері Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарады. 

Айта кетейік, Адам Қадыров 28 маусымда Рамзан Қадыровтың жақын серігі шешен сенаторы Сүлейман Геремеевтің қызына үйленген. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz