«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қызын емдету үшін бар мүлкін сатты”: Қоғам белсендісі актриса Меруерт Өтекешова туралы

“Қызын емдету үшін бар мүлкін сатты”: Қоғам белсендісі актриса Меруерт Өтекешова туралы
Скриншот видео youtube.com/@mayabekbayeva

Қоғам белсендісі Жолымбек Мәкіш танымал актриса Меруерт Өтекешованың қазіргі жағдайына қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Оның мәліметінше, халық әртісі қызының емі үшін бар мүлкін сатуға мәжбүр болған. Қазіргі таңда актриса Астанада жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Белсенді өз жазбасында Өтекешованың өмірінде болған ауыр сынақтарды атап өтіп, оның төзімі мен қайсарлығына ерекше тоқталған. Оның айтуынша, жақындарынан айырылу, қызының дертімен күресу сияқты қиындықтарға қарамастан, актриса барлық ауыртпалықты үнсіз көтеріп келеді.

Сондай-ақ ол 75 жасында баспанасын сатып, жалдамалы үйде тұруға мәжбүр болуы – халық әртісіне тән тағдыр ма деген сұрақ тастады. Соған қарамастан, актрисаның әлі күнге дейін белсенді еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қолданушылар актрисаға қолдау білдіріп, оның тағдырына бейжай қарамау қажеттігін жазуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.