"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылжар ауданында жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып, жүк көлігімен соқтығысты

Қызылжар ауданында жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып, жүк көлігімен соқтығысты
Фото: Ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында, Қарлыға ауылының маңында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Құзырлы органдардың алдын ала мәліметінше, қайғылы оқиға 7 ақпан күні сағат 15:10 шамасында «Жезқазған–Арқалық–Петропавл» тасжолының 927-шақырымында болған. Петропавлдан Явленка бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry көлігін басқарған 55 жастағы жүргізуші белгісіз себептермен қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman маркалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан екі көлік те отқа оранып, жеңіл автокөлік толықтай, ал жүк көлігінің кабинасы түгел жанып кеткен. Toyota Camry ішіндегі жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмып, олардың денелері өртенген күйінде табылғаны хабарланды.

Жүк көлігінің жүргізушісіне кеуде тұсының соғылуы диагнозы қойылғанымен, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. «Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігінің қатысуымен орын алған, салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады.

Қазір мамандар жол апатының нақты себептері мен оған әсер еткен факторларды анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер