Мемлекет басшысының атынан Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қаза тапқандар бар”: Павлодарда жеңіл көлік үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

“Қаза тапқандар бар”: Павлодарда жеңіл көлік үш жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: ozgeris.info

Павлодар қаласында жеңіл автокөлік үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 29 маусым күні күндіз Назарбаев даңғылында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі белгісіз себеппен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осыдан кейін ол жол бойындағы үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін бағдаршам бағанасы мен автобус аялдамасына соғылған. Соққының салдарынан көлік аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Mitsubishi Carisma автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.