"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы бала өлі күйінде табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы бала өлі күйінде табылды

Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды.

Екі күн бойы Бақыт Әлтаир Мақсатұлын полиция, Ұлттық ұлан, ТЖМ және еріктілер іздеген.  Баланың денесі 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылды деп хабарланды.

"Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауыма алынды. Әлтаирдың ата-аналары мен туыстарына отбасында болған қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз", - деп түсініктеме берді Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

Еске салсақ, Қызылордада жоғалған алты жасар балаға іздеу жарияланды. Бүлдіршін 27 сәуірде үйінен ойнауға шығып, қайтып оралмаған. Ата-анасы полицияға тек 9 сағаттан кейін жүгінген.

Автор
Еркебұлан