Шоу-бизнес

Қытай Интерполдың бұрынғы басшысын қамауға алды

KZNEWS KZNEWS
Қытай Интерполдың бұрынғы басшысын қамауға алды

Қытай жоғарғы прокуратурасы Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвейді қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Оған пара алу айыбы тағылды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады. Іс сотқа жіберілген.

Хунвэй Францияда тұрып келген. Ол былтыр Қытай сапарлап барғанда ұшақтан шығып бара жатып ұсталған. Интерпол экс-басшысының әйелі күйеуінен өзіне қауіп төнгені туралы қысқаша хабарлама алғанын айтқан.

Мұнан соң Париж бұл іс бойынша тергеу бастағанымен, Хунвэйдің ықтимал қылмысты Францияда жасалған болуы мүмкін дегенге ешбір айғақ таппаған. Артынша Интерпол Хунвэйден ұйым басшысы қызметінен шұғыл отставкаға кететіні туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.

Мэн Хунвэй Интерполды 2016 жылы басқарған. Хунвэй - бұл қызметті атқарған бірінші Қытай азаматы. Қазір ұйымға оңтүстіккореялық Ким Чон Ян жетекшілік етеді.


Azattyq

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz