ка

Қытай азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырғандар сотталды

06.03.2019 21:58
0
0

Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы Қытай азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырып келген полиция қызметкерлері мен Қытай қазағы сотталды. Бұл туралы 6 наурызда ҰҚК хабарлады.

ҰҚК дерегінше, Қытайдан мигранттарының заңсыз арнасын Тараз қалалық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған.

5 наурызда Тараз қалалық №2 сотының үкімімен осы іс бойынша көші-қон полициясы бөлімінің бұрынғы басшысы А. Зейдалиев төрт жарым жылға, оның орынбасары Б. Наурызбаев үш жарым жылға сотталды. Олар "лауазымын асыра пайдаланды" және "адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды" деп айыпталған.

Ал Қытайда туған У. Силамбек есімді азамат "делдал" болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды" деген айып тағылған.

ҰҚК Қазақстан аумағында тұруға заңсыз рұқсат алған Қытай азаматтарының құжаттарының күшін жою жағын қарастырып жатқанын хабарлады.


Азаттық
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий