Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғыз жұрты Қытай елшілігінің алдында наразылық шеруге шықты

Қырғыз жұрты Қытай елшілігінің алдында наразылық шеруге шықты

Қырғыз жұртшылығы Бішкек қаласында орналасқан Қытай елшілігінінің алдына наразылық шеруге шықты. Жиналғандар этникалық қырғыздардың соңына түсуді тоқтатып, Қытайдағы қайта даярлау лагерьлеріндегі қырғыз ұлтының азаматтарын босатуды талап етуде.

Сонымен қатар, бір айдың ішінде барлық шет ел азаматтары Қырғыз елінен шығарылуы тиіс және де соңғы 10 жыл көлемінде Қырғызстан азаматтығын алған тұрғындарды арнайы комиссия құру арқылы заң бойынша тексеруге алу керектігін мәлімдеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, баспасөз-конференциясы барысында Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков Қытайдағы қайта даярлау лагерьлеріндегі қырғыз азаматтары туралы абайлап сөйлеу керектігін мәлімдеген болатын. Сонымен бірге, өзге елдің ішкі саясатына араласуға құқығы жоқ екендігін де тілге тиек етті.

Алайда, өзге елдегі қандастары үшін алаңдап отырған Қырғыз жұртшылығы олардың қыспақта отырғандығына бек сенімді. Осылайша, өздерінің қандастарына араша түсуді ойлап отыр. Бұдан бөлек, Қытай елінің қайта даярлау лагерьлерінде тек қырғыз ұлтының ғана емес, қазақ, ұйығыр ұлтының өкілдері де тұтқында отыр.

"The Qazaq Times"

Автор
Арман