Жаңалықтар

"Қылмыс ізін жасырмақ болды": марқұм Айзат Жұманованың күйеуі қалай әрекет еткен?

"Қылмыс ізін жасырмақ болды": марқұм Айзат Жұманованың күйеуі қалай әрекет еткен?
ашық дереккөзден

Жетісу облысында қаза тапқан 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. Іс Талдықорған қалалық сотында қаралуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот алдында марқұмның күйеуі — Айбар Жанболат жауап беруде. Ол бұған дейін Өтенай ауылдық округі әкімдігі аппаратының маманы қызметін атқарған.

Процесс барысында сотталушының қорғаушысы журналистердің сот залына қатысуына қарсылық білдірді. Дегенмен, істі жүргізіп отырған судья Әділет Бақытов өтінішті негізсіз деп тауып, қабылдамады.

8 бөтелке сыра ішкеннен кейін жанжал шыққан

Айыптау құжатында көрсетілгендей, оқиға күні Айбар Жанболат әйелі Айзат Жұманованың телефонын тексермек болған. Күйеуінің талабына келіспеген әйел қарсылық білдірген. Осыдан кейін жанжал күшейіп, мас күйдегі ер адам (сол күні 8 бөтелке сыра ішкені анықталған) жұбайына бірнеше рет қол көтерген.

Марқұмның денесінде ауыр жарақаттар болғанына қарамастан, Айбар Жанболат күш қолдануды тоқтатпаған.

Кейін қылмыстың ізін білдіртпеу үшін ол әйелін облыстық ауруханаға өзі жеткізген. Алайда Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz