Қанат Ниязбековтің отбасы мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ елшісі қазақтың киіз үйінде Yenlik-пен бірге дуэт орындады

АҚШ елшісі қазақтың киіз үйінде Yenlik-пен бірге дуэт орындады
фото: ашық дереккөз

Желіде АҚШ елшісі мен қазақстандық әнші Еңліктің бірге ән салған видеосы жарияланды. Олар көпшілікке кеңінен танылған “Meili” әнін орындаған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қазақстандық әнші Yenlik-пен дуэт орындады. Дипломат қазақ тілінде ән шырқап қана қоймай, ұлттық мәдениетімізге деген қызығушылығын ерекше бейнежазба арқылы көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz

Бейнежазбаның бір бөлігі қазақтың киіз үйінде түсірілген. Ал қалған кадрларда елші мен әнші табиғат аясында ән шырқайды. Видеода ұлттық нақышқа ерекше мән берілген.

Айта кетейік, “Meili” әні 2025 жылғы қыркүйекте жарық көріп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Композиция миллиондаған қаралым жинап, қазақстандықтармен қатар шетелдік тыңдармандардың да назарын аударған.

Бұл Джули Стаффтың қазақ мәдениетіне алғаш рет қызығушылық танытуы емес. Бұған дейін дипломат отбасымен бірге домбыра сабағына қатысып, ұлттық аспапта ойнап көрген еді.

Еске салайық, Джули Стаффт 2025 жылғы қазанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне кірісті.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.