"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ашулы

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ашулы

Белгілі продюссер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанын жазып ашуланды, деп хабарлайды Kznews.kz

Ол ұлттық музыкальные заманауи стильмен үйлестіріп, домбыраның үні арқылы әлемге қазақ рухын паш еткен ұжымға бүгінде мемлекеттік деңгейде лайықты баға берілмей отырғаны қоғам назарын аударып отыр. 

«Ұлытау» тобы 7 жыл бұрын Домбыра күнінің, ал 3 жыл бұрын Ұлытау облысының құрылуына серпін берген рухани феномендердің бірі саналады. Топтың шығармашылығы – ұлттық мұра мен заманауи музыканың синтезі, әлемдік сахнада қазақтың күй өнерін танытқан алғашқы этно-рок бағытындағы жоба. Музыканттар Құрманғазының «Адай» күйін Моцарттың симфониясымен қатар қойып, ұлттық аспаптың мүмкіндігін жаһан алдында дәлелдеді. Топ әлемдік деңгейдегі екі Гран-при жүлдесін иеленіп, қазақ өнерін жаңа белеске көтерді, - дейді ол.

Алайда, соған қарамастан, «Ұлытау» тобы Қазақстан тарапынан бірде-бір марапат не ресми құрмет қағазын алмаған. Ең қызығы, олар 15 жыл бұрын Ингушетия Республикасының халық әртісі атағын иеленген. Музыка сүйер қауым мен мәдениет саласының өкілдері бұл жағдайды әділетсіздік деп санайды.

«Неге өз еліміз мойындамайды? Неге ұлттық музыканы әлемге танытқан ұжым еңбегімен емес, үнсіз қалдырылып отыр?». «Ұлытау» тобының еңбегі – ұлттық идеологияның, өнердегі стратегия мен нәтижеліліктің айқын көрінісі. Олар ұлттық музыканы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, қазақ өнерінің әлемдік аренадағы беделін арттырды, - дейді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.