Өнер иесінің сөзінше, келін болып түскен алғашқы жылдары енесі ұлын қызғанып, тіпті психологтың көмегіне жүгінген.
Актриса Мереке Қалбаева отбасылық өмірі мен енесімен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Актриса жаңа отбасына бейімделу кезінде енесімен арада түсініспеушіліктер болғанын жасырмады. Әсіресе ұлының өмірінде келіннің пайда болуы енесіне оңай тимеген.
Мереке Қалбаеваның айтуынша, уақыт өте келе екеуінің арасындағы қарым-қатынас жақсарып, бір-бірін түсіне бастаған. Бастапқы қиындықтарға қарамастан, арада сыйластық қалыптасқан.