"Өзіміздікі - өндірістікі": 83 тауар түрі бойынша импорттың үлесі азайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мадинаны екінші рет жер қойнына тапсырдық": Жамбыл облысында қаза болған әйел адамға қатысты тың дерек шықты

"Мадинаны екінші рет жер қойнына тапсырдық": Жамбыл облысында қаза болған әйел адамға қатысты тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында Мәдина есімді қыздың мәйітіне эксгумация жасалғанын хабарлады.

Оның айтуынша, марқұмның өліміне байланысты жүргізілген алғашқы сараптаманың нәтижесі күмән тудырған. Осыған байланысты оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында мәйітті қайта қазып алып, қосымша сараптама жүргізу туралы шешім қабылданған.

Жан Ахмадиев Мадинаның қайта жерленгенін айтып, бұл жағдайдың жақындары үшін ауыр болғанын жеткізді.

"Бүгін Мадинаны екінші рет жер қойнына тапсырдық… Алғашқы сараптамаға күмән туғандықтан, ақиқатқа жету үшін эксгумация жасауға мәжбүр болдық. Енді Алматының сарапшылары әділ әрі объективті қорытынды шығарады деп сенеміз.

Мадина, жатқан жерің жайлы болсын, қарындасым! Біз шындық ашылғанша тоқтамаймыз", – деп жазды Жан Ахмадиев.

Қоғам белсендісі алғашқы сараптаманың қорытындысына күмән келтіріп, Алматыдағы мамандардың тексеруі оқиғаның шынайы мән-жайын анықтауға көмектеседі деген үмітін білдірген.

Сондай-ақ ол әділдікке қол жеткізу жолындағы әрекеттерін жалғастыратынын мәлімдеді.

"Ақиқатты жерге көму мүмкін емес", – деп жазды Жан Ахмадиев.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер