Бұл жолы оның әйел адамның омырауына қатысты жазған пікірі Threads қолданушыларының наразылығын тудырды
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде тағы да жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі «Тегін арақтан тез мас боласың» және «Әйел шешінбейінше, мәселе шешілмейді» деген жазбаларымен де талқыға түскен еді. Кезекті жарияланымында да әйелдерге қатысты пікір білдіріп, оқырмандардың сынына ұшырады.
Желі қолданушылары әншінің сөзін әдепсіз деп бағалап, көпшілік алдында жауапкершілікпен сөйлеуге шақырды.
«Сұмдық, оның үстіне халық әртісі», «Төреғали иманды, бірақ сөзі әдепсіз», «Төреғали, тым шектен шығып кеткен жоқсыз ба? Мұндай жазба жариялауға ұят. Көпшілікке танымал адам болған соң, жөнді нәрсе айту керек», – деп жазды олар.