KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай заң жобаларымен қалай жұмыс жасайтыны белгілі болды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Құрылтай өзі қабылдаған заң жобаларын президенттің қол қоюына 10 күн ішінде жіберуге міндетті. Ал, президент заң жобасының кейбір тұстарыымен келіспесе, оны Құрылтайға қайтарып бере алады, деп хабарлайды kznews.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс Құрылтайдың қызметіне қатысты және оның депутаттарының мәртебесіне қатысты Конституциялық  заңның жобасын жариялады.

Заң жобасында жазылғандай, Құрылтайдан 10 күн ішінде келіп түскен заңға президент ьір ай ішінде қол қойып, халыққа жапия етеді. Егер президент заң жобасымен келіспесе, оны Құрылтайға қайтара алады. Болмаса, оның жекелеген нормаларын өзгертуді тапсырады немесе оны дауыс беруге шығарады.

Заң жобасының толық мәтіні Мәжіліс сайтында жарияланған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →